Алдағы күндері тұман түсіп, қар аралас жауын жауады

19 Сәуір 2023, 15:12
929
Бөлісу:
Алдағы күндері тұман түсіп, қар аралас жауын жауады
Фото: 10kanal.ru

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүкіл кезең бойы батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 21-22 сәуірде солтүстік пен шығыста, еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Республиканың қалған аймақтарына Скандинавия аудандарынан жылжыған солтүстік-батыс антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Өзгелердің жаңалығы