Алдағы күндері күн жылынады

26 Ақпан 2024, 18:00
6983
Бөлісу:
Алдағы күндері күн жылынады
Фото: BAQ.KZ -архив

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 27-29 ақпанға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронттар солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға әсер етеді, жауын-шашын қар түрінде түсіп, кейбір аудандарда жел күшейеді. 

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі.

Еліміздің батысына жоғары қысым аймағы әсер етеді, жауын-шашынсыз желсіз ауа-райы сақталады, күндізгі температура 0-5 градусқа жылынады.

Өзгелердің жаңалығы