Алдағы күндері күн ыстық болады

3 Шілде 2023, 12:30
735
Бөлісу:
Алдағы күндері күн ыстық болады
Фото: BAQ.KZ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел күтіледі, 06 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында ғана ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды, ал республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының: солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін, солтүстікте +25+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін, оңтүстікте +25+38°С дейін аздаған төмендеуі болжанады.

Өзгелердің жаңалығы