Алдағы күндері күн суытады

6 Ақпан 2023, 12:00
949
Бөлісу:
Алдағы күндері күн суытады
Фото: turkystan.kz

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 7-9 ақпанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізі аудандарынан циклон әсер етеді, бұрқасындатып, қар жауады.

9 ақпанда шығыста қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр аралас қар жауады.

Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. 

Еуропа аудандарының антициклоны әсерінен ауа температурасы түнде батыста және шығыста 13-21 градусқа дейін, солтүстікте 20-28-ге дейін, орталықта 15-26 градус аязға дейін төмендейді.

Күндіз батыста 7-12-ге дейін, солтүстікте 15-20-ға дейін, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы