Алдағы күндері аяз беті қайта ма

21 Ақпан 2024, 14:30
5602
Бөлісу:
Алдағы күндері аяз беті қайта ма
Фото: BAQ.KZ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қыстың аяқталуына аз күндер қалсада елімізде аяздың беті қайтар емес. Суық солтүстік ағындары бар ауқымды антициклон еліміздің басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райын сақтап тұрады.

Тек оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарға оңтүстік циклоны әсер етіп, жауын-шашынның жаңбыр, қар түрінде түсуіне, жел мен бұрқасынның күшеюіне ықпал етеді.

Дегенмен, циклон оңтүстіктен болса да, біздің аймаққа айтарлықтай жылу әкелмейді.

Өзгелердің жаңалығы