Алдағы күнде жауын-шашынды болады

29 Наурыз 2024, 12:30
278
Бөлісу:
Алдағы күнде жауын-шашынды болады
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 наурыз бен 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Екатеринбургтің үстінде орналасқан кең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағына өз әсерін тигізетін болады. Әсерінен жауын-шашынды болады. 30 наурызда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында, 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында болады деп болжанып отыр. 30 наурызда Түркістан және Жамбыл облыстарында, 30-31 наурызда Алматы және Жетісу облыстарында нөсер болады.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3-10 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-13 жылуға дейін жоғарылайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 6 аяз-2 жылуға дейін төмендейді, күндіз 5-18 жылуға дейін жоғарылайды. Тек батыста ауа температурасының түнде 1-6-ға, күндіз 13-18-ге дейін көтерілуі болжанады.

Өзгелердің жаңалығы