Алдағы екі жылда қуғын-сүргін құрбандары толық ақталады

17 Қараша 2023, 13:41
547
Бөлісу:
Алдағы екі жылда қуғын-сүргін құрбандары толық ақталады
Фото: Арман Мухатов - архив

Мемлекеттік комиссия мүшелерінің айтуынша, алдағы екі жылдың ішінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақталады. Бұл туралы «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі кезде мұрағаттағы құпия құжаттар зерттеліп жатыр. Осы кезге дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғалымдарға өз архивіндегі 100-ден аса құжатты жан-жақты зерттеуге рұқсат берген.

Біз материалдарды тек оқып, халыққа көрсетіп, заң тұрғысында таныстырып қана қоймай, қолымыздан келгенше жүйелендіруге тырысамыз. Себебі бұл материалдар әлі толық зерттелмеген, құқықтық, тарихи бағасы берілмеген. Арасында құнды, тарихи бағаланатын материал өте көп, – дейді ҚР ІІМ Арнайы мемлекеттік мұрағатының бас маманы Дария Әлиқызы.

Оның айтуынша, мұрағаттағы материалдарды саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың туыстары ала алады.

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың туған-туысқандары, балаларына бұл материалдарды алуға ешқандай шектеу қойылмаған. Бұл материалдарды алып көру үшін мұрағаттағы қылмыстық іспен танысып, бізге келіп, өтініш жазу керек. Заң тұрғысынан тек құпия мәліметтерді бере алмаймыз, – дейді ол.

Айта кетейік, «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы