Алдағы 3 күнде ауа райы құбылады: Қазақстанның қай өңірлерінде қар жауады?

21-23 қарашада Қазақстанға циклондар әсер етеді. Бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, тұман және көктайғақ күтіледі.

20 Қараша 2026, 11:44
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов 20 Қараша 2026, 11:44
20 Қараша 2026, 11:44
177
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Алдағы 21-23 қараша күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағына солтүстік-батыс циклондар сериясы әсер етіп, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Бұл туралы «Қазгидмет» РМК хабарлады.

Алдымен циклондардың ықпалы еліміздің батыс өңірлерінде байқалады. Кейін қолайсыз ауа райы солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға таралады.

Синоптиктердің болжамынша, осы кезеңде еліміздің солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Ал ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде желдің күшеюі мен тұман күтіледі.

Болжамды кезеңде тұрғындарға жолда абай болып, ауа райының өзгерістерін ескерген жөн.

Еске сала кетейік, бұған дейін жұма күні 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Бірнеше аймақта тұман түсіп, екіпнді жел тұрады.

Наверх