Алдағы тәуліктерде қар аралас жаңбыр жауады

4 Қараша 2019, 12:54
2170
Бөлісу:
Алдағы тәуліктерде қар аралас жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Суық атмосфералық фронттармен белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне ықпал етті, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

5-7 қарашада жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр және қарлы жауын-шашынның жауа бастайды. Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуымен республиканың оңтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын – жаңбыр, қар, екпінді жел күтіледі. Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0 ден төмен болады, солтүстік жартысында түнде минус 2…10°С, оңтүстігінде 0…8°С, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен.
Өзгелердің жаңалығы