Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

17 Тамыз 2020, 11:15
1261
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 18-20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күннің синоптикалық жағдайы суық циклонмен анықталады. Қазақстанның солтүстік жартысы күзге енгендей болады. 

Күзгі температурамен бірге жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағаймен, дауыл желмен сүйемелденетін қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. 

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман байқалатын болады. Күндіз ауа температурасы 15....20 градусқа дейін төмендейді.  

Республиканың оңтүстік өңірлерінде де өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура 22.....30-дан 30…. 35 жылыға дейін көтеріледі.

Өзгелердің жаңалығы