Алдағы онжылдықта роботтардың адамдарды алмастыруы арта түседі

27 Желтоқсан 2019, 07:47
3153
Бөлісу:
Алдағы онжылдықта роботтардың адамдарды алмастыруы арта түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы онжылдықта көптеген маман жұмыссыз қалады.  Олардың орнын роботтар алмастырады. Бұл туралы кореялық профессор Чон Дже Сын мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ғалым адам миын зерттейтін Физика орталық мемлекеттік мұражайда дәріс оқыды. Оның айтуынша, келесі онжылдықта ғалымдар блокчейн мен жасанды интелектіні біріктіре алады. Осының арқасында машиналар адам баласының қолынан келмейтін жұмысты атқаратын болады. 

Профессор төртінші өндірістік революция жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бірақ бұл еңбек нарығына үлкен қауіп төндіреді деп санайды. Мысалы өздігінен жүретін көліктер пайда болғандықтан, жүргізуші мамандығының қажеті болмайды. Дегенмен жасанды интеллект адамның ой-санасын толығымен ауыстыра алмайды. 

Ғалымның пікірінше, бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау үшін мектептерде қазірден бастап оқыту әдістерін өзгертіп, ата-аналар балаларына көбірек көңіл бөлуі керек. 
Ата-аналары балаларына "сабақтарың қызық өтеді, ал сен оқығың келмейді!" деп жиі айтады. Алайда өздерін олардың орнына қоймайды. Мәселен, мен ата-аналарына емтихан өткізіп, алған бағаларын өзгелермен салыстырсам, өздерін қалай сезінер еді? Салыстырудың қажеті жоқ, оқу жүйесі қызық болуы тиіс. Кітап оқып, өзіңе ұнайтын дүниені зерттеу қажет. Балаларды осыған үйретуіміз керек. Жасанды интеллект дәуірі басталғанда жұмыстан айырылмаудың екі әдісі бар. Бұл жасанды интеллект саласында сарапшы болу немесе өзгелердің қолынан келмейтін істі меңгеру. Яғни еңбек нарығында өз бәсекелестігіңді көрсете білу қажет", - деді Чон Дже Сын профессор.

Өзгелердің жаңалығы