Алаяққа сенген ақтөбелік қария 5 млн теңгесінен айырылды

7 Маусым 2022, 15:26
1397
Бөлісу:
Алаяққа сенген ақтөбелік қария 5 млн теңгесінен айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.   69 жастағы ақтөбелік алаяққа сеніп, 5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Биржа өкілі жәбірленушімен байланысқа шығып, ақша аударымы мен комиссия үшін, сақтандыру қағазы мен тағы басқа да салықтарды төлеу керектігін айтқан. 

Айтылған операцияны жүзеге асыру үшін жәбірленуші еш ойланбастан барлық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген. Шығын сомасы шамамен бес млн теңгені құрады. Ақшаны алған алаяқ кейін кері байланысқа шықпаған, ер адам өзінің алаяқтардың құрбанына айналғанын түсініп, полицияға арызданды. 

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде. Ақтөбе облысы Полиция департаменті нағыз брокерлер адамдарды телефон арқылы шақырмайды, жеке тұлғалардың карталарына және басқа да төлем жүйелеріне қаражат аударуды сұрамайтынын еске салады. 

Өзгелердің жаңалығы