Алашанькоу портындағы импорттық және экспорттық жүк көлемі 24,7%-ға өсті

26 Маусым 2023, 11:20
1184
Бөлісу:
Алашанькоу портындағы импорттық және экспорттық жүк көлемі 24,7%-ға өсті
Фото: kaz.people.cn

Биылдың алғашқы бес айында Алашанькоу теміржол мен автомобиль портындағы импорттық және экспорттық жүктердің көлемі бес жыл көлемінде сәйкес кезеңдегі ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ kaz.people.cn-ге сілтеме жасап.

Екі порттағы импорттық және экспорттық жүктердің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7%-ға өскен.

Осы жылдың алғашқы бес айында Алашанькоу теміржол портының импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі 5,627 млн тоннаны құрап, былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға ұлғайды. Оның ішінде импорттық жүктердің көлемі 4,093 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,2%-ға артты. Ал экспорттық жүктердің көлемі 1,534 млн тоннаны құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,2%-ға өсті, - деп жазды қытайлық БАҚ.

Автомобиль портының импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі 250 000 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 300,5%-ға ұлғайғанын көрсетті. Оның ішінде импорттық жүктердің көлемі 45 000 тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 359,4%-ға артты. Ал экспорттық жүк көлемі 205 000 тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 229,1%-ға өсті.

Импорттық және экспорттық тауарлардың қатарында темір концентраты, мыс концентраты және калий тыңайтқыштары бар. Ал негізгі экспорттық тауар түрлері - механикалық және электротехникалық бұйымдар, киім және тұрмыстық керек-жарақтар. Автомобиль порттарында импортталатын негізгі тауарлар зығыр тұқымы, мұздатылған ет және сұйытылған мұнай газы болса, негізгі экспорттық тауарлар қатарында механикалық және электротехникалық бұйымдар мен жоғары технологиялық өнімдер бар.

Өзгелердің жаңалығы