Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруі тиіс

5 Қаңтар 2021, 10:20
3318
Бөлісу:
Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруі тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жазды. 

Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы