Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының аумағында өткізу мақсатында Қазақстан Республикасына Еуроодақ елдерінен пошта арқылы синтетикалық есірткі жеткізудің контрабандалық арнасын ұйымдастырған топты анықтады.
6 қарашада пошта бөлімшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 968 психотроптық таблетка алумен Қазақстан Республикасына Германия арқылы Нидерландыдан контрабандалық есірткі жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды, - делінген хабарламада.
Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жері бойынша шамамен 1,5 кг гашиш пен 30 г мефедрон алынған. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды.
Есірткі мен психотроптық заттарды өткізу интернет дүкен арқылы жүзеге асырылған.
Осы факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адамдар
Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.