Алакөлге қосымша пойыздар жүреді

27 Сәуір 2022, 10:46
1634
Бөлісу:
Алакөлге қосымша пойыздар жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылартасымалы» АҚ жазғы кезеңге Алакөл бағытында екі жолаушылар пойызының қатынауын тағайындағандығы туралы хабарлайды.

- №221/222 «Алматы-2 – Достық» (коммерциялық) пойызы аптасына 3 рет қатынау кезеңділігімен, Алматы-2-ден 2022 жылғы 15 маусым-31 тамыз аралығында сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері, ал Достықтан 2022 жылдың 16-шы маусымынан бейсенбі, сенбі және сейсенбіде жөнелтіледі.

- «Нұр-Сұлтан-1-Достық» қатынасындағы №258/257 пойызы аптасына 2 рет қатынау кезеңділігімен, Нұр-Сұлтан-1-ден 2022 жылғы 16 маусым-28 тамыз аралығында бейсенбі және жексенбі күндері, ал Достықтан 2022 жылғы 17 маусым-29 тамыз аралығында жұма және дүйсенбі күндері жөнелтіледі.

Ұлттықтасымалдаушы жолаушыларға жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайтынемесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді ұсынады. Жол жүру құжаттары (билеттері) болмаған жағдайда "Күту парағы" функционалын пайдалануды ұсынамыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы