ҚТЖ Алакөл көліне дейінгі пойыздарда 270 мыңнан астам жолаушы орнын ұйымдастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алакөлге баратын пойыздардағы жолаушы орындарының саны 2023 жылы жазғы туристік маусымға өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% өседі. Жолаушыларға 276 мыңнан астам орын ұсынылады. Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады. Алғаш рет «Астана – Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы іске қосылады.
Қазір «Жолаушылар тасымалы» АҚ әкімдіктермен, авиатасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымалдарды (көліктің екі немесе одан да көп түрі) қалыптастыру мүмкіндігін қарастыруда.