Алакөлде күніне 15-20 мың адам демалады

11 Шілде 2023, 17:26
1865
Бөлісу:
Алакөлде күніне 15-20 мың адам демалады
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алакөл жағасынан күніне 10 тонна қоқыс шығарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коммуналдық қызмет мамандары көл жағасын таңғы сағат 05:00-ден кешкі 22:00-ге дейін тазалайды

Жағалаудың ұзындығы – 3,8 шақырым. ⠀ 

Жазғы туристік маусымда көл жағалауында санитарлық тазарту жұмыстарымен Үржар ауданы әкімдігінің «Мақаншы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. 

30-ға жуық жұмысшы жағалау мен арбатты күніне 3 рет, тротуарлар, автомобиль жолдарының жиектерін 1 рет қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазартады. ⠀ Сонымен қатар жағалаудағы санитарлық тазалықты сақтау мақсатымен жаңадан қосымша 200 дана қоқыс жәшігі алынды. Бұдан бөлек, жағалау мен арбатқа тағы 40 қоқыс жәшігі қойылған. Көл жағасынан күніне шамамен 10 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады. ⠀ 

Абай облысының ең танымал туристік орны Алакөлдің жағасында күніне 15-20 мың адам демалады. Былтыр бір маусымда шипалы суға түскен туристер саны 1 миллионнан асқан. Ал биыл еліміз бен алыс-жақын шетелдерден келетін демалушылардың саны былтырғы көрсеткіштен де асады деген болжам бар.

Өзгелердің жаңалығы