Алакөл демалыс аймағында алапат өрт шықты

5 Шілде 2022, 01:10
1880
Бөлісу:
Алакөл демалыс аймағында алапат өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөл демалыс аймағында дәмхана өртеніп жатыр. Бұл туралы сол жерде демалып жүрген туристер мен әлеуметтік желі қолданушылары жазып жатыр.

Видеодан демалыс аймағындағы өрттің үдеп бара жатқаны анық көрініп тұр. Демалушылар қауіпсіз аймаққа қашып жатыр.

Алакөлде өрт үдеп барады, свет өшті, демалыс аумағын тастап, адамдар қауіпсіз жерге қашып жатыр, - деп жазды Алакөлде демалып жүрген журналист Дарын Нұрсапар.

Оқиға туралы құзырлы органдар әзірге ешқандай ақпарат таратқан жоқ.

Өзгелердің жаңалығы