Ақтөбеде жолаушылар пойызы кранмен соқтығысты

10 Қыркүйек 2021, 13:44
3924
Бөлісу:
Ақтөбеде жолаушылар пойызы кранмен соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында Қандыағаш стансасында жолаушылар пойызы кранмен соқтығысып қалды.

Оқыс оқиға 9 қыркүйекте күндіз болған.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Аталған дерек бойынша Қандығаш стансасының (Ақтөбе облысы) желілік полиция бөлімінде ҚР ҚК 344-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы