Ақтөбеде ішімдік өндіретін екі жасырын цех анықталды

18 Наурыз 2021, 23:00
1905
Бөлісу:
Ақтөбеде ішімдік өндіретін екі жасырын цех анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Ақтөбе облысында контрафактілік алкоголь өндіретін екі жасырын цех қызметінің жолын кесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

5 мыңнан астам жалған алкоголь бөтелкесі, 6 мың литрдан астам спирт және мыңдаған жалған есепке алу-бақылау маркасы тәркіленіп алынды. Криминальды бизнесті үш ақтөбелік саяжай кооперативі аумағында жүзеге асырған - делінген хабарламада.

Сот үкімімен қылмыстық істің барлық айыпталушылары заңсыз кәсіпкерлік  және жалған ЕАБ маркаларын қолданғаны үшін сотталды.

Өзгелердің жаңалығы