Ақтөбеде 25 метрлік «қызғалдақты» көтермек болған кран аударылды

7 Тамыз 2021, 04:35
1630
Бөлісу:
Ақтөбеде 25 метрлік «қызғалдақты» көтермек болған кран аударылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 25 метрлік қызғалдақ мүсіні құлады. Жұмысшылар металл құрылымды басқа жерге орнату үшін бөлшектемек болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде биіктігі 25 метр қызғалдақ мүсінін бөлшектеу барысында құрылыс краны құлағаны туралы ақпарат жарияланып жатыр. Журналист Михаил Козачков Telegram-да қызғалдақ 2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болған кезде орнатылғанын жазды. Өйткені қызғалдақ қаланың символы саналады. Журналистің айтуынша, жаңа әкім қызғалдақты толығымен алып тастауды немесе елдің 30 жылдық мерейтойына одан да биік – 30 метр қызғалдақ жасатуды ұйғарған болуы мүмкін.

Ақтөбе әкімдігі мәліметінше, учаскедегі жұмыстарды «Есентай Холдинг» ЖШС жүргізіп жатыр. Олар металл құрылымды бөлшектемек болған. Өйткені оны қалпына келтіру үшін бояу қажет. Сонымен қатар, қиылыста көлік көп жүретіндіктен қызғалдақ жүргізушілердің жолды көруіне қиындық тудыруы мүмкін. Қызғалдақ орнына қауіпсіз тутұғыр орнатылып, қызғалдақтың өзі Жаңақоныс тұрғын алабы маңына, қалаға кіреберіске орнатылуы керек еді.

Алайда ЖШС басшысы Дулат Қанатұлының айтуынша, бөлшектеу кезінде кранды жеткілікті тәжірибелі жүргізуші басқарған. Бірақ соған қарамастан ол аударылып кеткен. Құрылымды бөлшектеу және одан әрі орнату жұмыстары бюджеттен тыс қаражат есебінен жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы