Ақтөбе облысының энергетикалық жүйесін нығайту үшін газтурбиналы қондырғы салынады

5 Желтоқсан 2020, 11:52
1160
Бөлісу:
Ақтөбе облысының энергетикалық жүйесін нығайту үшін газтурбиналы қондырғы салынады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысындағы бірқатар отын-энергетикалық кешен нысандарын аралады.

Алғашқы сапар кешенді мұнай жабдықтарын шығаратын Ақтөбе зауытынан басталды. Кәсіпорын сорғыш қарнақтар, сорғыш-компрессор құбырларын, газды-құмды зәкірлер, қарнақты терең сорғылар және басқа да өнімдер шығарады. Нұрлан Ноғаев пен Оңдасын Оразалин еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынды дамыту және одан әрі жұмыс істеу жоспарларын талқылады. 

Ақтөбе облысының энергетикалық жүйесін нығайту үшін газтурбиналы қондырғы салынады

Энергетика министрі мен облыс әкімі «Қазхром» ТНК» акционерлік қоғамының Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болды. Кәсіпорынның жобалық қуаты: жылына 740 мың тонна өнім, оның ішінде: қожды қайта өңдеу цехтары, тау-кен байыту және басқа да қосалқы нысандар бар. Зауытта қуаты 135 МВт болатын газтурбиналы электр стансасы бар. 

Ақтөбе облысының энергетикалық жүйесін нығайту үшін газтурбиналы қондырғы салынады

Сондай-ақ, делегация мүшелері әртүрлі модификациядағы металдан жасалған динамикалық зәкірлер, анкерлер, шпилькалар, траверстер, тұрақтандырғыштар және басқа да бөлшектерді шығарумен айналысатын «Каспий Плюс» кәсіпорнында болды.   

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «Ақтөбе жылу электр орталығына» сапары кезінде қуаты 57 МВт болатын газтурбиналы қондырғы құрылысының капсуласын салуға қатысты. 2020 жылы кәдеге жарату қазаны бар газтурбиналы қондырғы салуға арналған аумақты дайындау бойынша демонтаждау жұмыстары, сондай-ақ кәдеге жарату қазанына арналған жабдықты жеткізу және жинау жұмыстары басталды. 2022 жылы қуаты 57 МВт болатын жаңа газ турбинасы мен кәдеге жарату қазанын пайдалануға беру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. 

Осы қондырғы қуатты қосымша ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Ақтөбе облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігіне оң әсер етеді. Аталған құрылыс стансаның қуатын 118 МВт-тан 175 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді.   

Ақтөбе облысының энергетикалық жүйесін нығайту үшін газтурбиналы қондырғы салынады

Нұрлан Ноғаев Қазақстандық мұнай жабдықтары зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын мұнай-газ жабдықтары мен құбырларын, блок-жиынтық жабдықтарын, бұрғылау қондырғыларын, сондай-ақ мұнай және газ ұңғымаларын жөндеуге арналған қондырғылар шығарумен айналысады.   

Ақтөбе облысының энергетикалық жүйесін нығайту үшін газтурбиналы қондырғы салынады

Энергетика министрі мен облыс әкімі аралаған келесі нысан – КС 14 компрессорлық стансасы мен «Бұхара - Орал» магистральдық газ құбыры болды. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин министрге өңірді газдандырудың алдағы жоспарлары туралы айтты. Нұрлан Ноғаев өз кезегінде министрлік барлық қажетті көмек көрсететініне сендіріп, жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырма берді.


Өзгелердің жаңалығы