Ақтөбе облысында барлық емдеу орнында оңалту кабинеті ашылады

31 Қазан 2019, 22:22
1752
Бөлісу:
Ақтөбе облысында барлық емдеу орнында оңалту кабинеті ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келер жылы облыстағы әрбір емдеу орнында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту кабинеті ашылады, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Ақтөбе облысында 26 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан болса, олардың 3 мыңнан астамы бала. Балаларды оңалту жұмысын күшейту үшін өңірдегі барлық аурухана, емдеу орнында оңалту кабинеттері ашылады.

"Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолжетімді оңалту кабинетімен қамтамасыз ету жұмысы қолға алынды. Мәселен, "Аяла" оңалту орталығына аудандағы балалардың келіп, жатып ем қабылдауы үшін 30 кереуетті стационар ашылды. Қазір жұмыс істеп тұр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Өзгелердің жаңалығы