Ақтөбе облысы сапалы қызмет көрсететін медициналық кластерге айналады – Оразалин

18 Тамыз 2021, 10:40
1426
Бөлісу:
Ақтөбе облысы сапалы қызмет көрсететін медициналық кластерге айналады – Оразалин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары таныстырылған Үкімет отырысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин айтты.

2019 жылдан бастап облысымыздағы суармалы жерлер қалпына келтіріліп жатыр. 3 жыл бұрын суармалы алқап 15 мың га құраса, биыл 40 мың га-ны құрап отыр. Кешенді жоспарда көрсетілгендей, 2022-2023 жылдары тағы 2 мың ірі қараға арналған сүт-тауарлар фермасын салу жоспарланып отыр, - деді ол.

Облыс әкімі атағандай, 2025 жылға дейін суармалы алқапты 100 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Осылайша, ірі қара мал санын қазіргі күнге қарағанда 225 пайызға арттыруды, жылқы басын 130 көбейтуді жоспарлап отырмыз. Жергілікті бюджеттің қосымша қаржыландыру аясында бірнеше автомобиль жолдарын қайта жаңарту жоспарда бар. Облыстағы 25 денсаулық сақтау нысанына қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, медициналық кадрлардың әлеуетін ескере Ақтөбе облысы батыс Қазақстанда сапалы қызмет көрсететін медициналық кластерге айналады, - деді әкім.

Осылайша, Үкімет Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын бекітті.

Өзгелердің жаңалығы