Актөбеде қар шығару жұмысына 800 млн теңге жұмсалады

16 Қаңтар 2020, 22:03
1950
Бөлісу:
Актөбеде қар шығару жұмысына 800 млн теңге жұмсалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қар шығару, көшелерді күтіп ұстау жұмысына екі есе көп қаржы бөлінді, деп хабарлады Aktobenews.kz.

"Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі "Сапалы жол" акциясы аясында қаланы қардан тазарту, күтіп ұстау жұмыстарын қарап шықты. Мониторинг тобы жеке тұрғын үй секторларын қарап, жұмыстың орындалуын сынға алды.
2020 жылы қар тазалауға 819 млн теңге бөлінген. Барлығы 8 мердігер компания қызмет етіп жүр. Бар болғаны 160 адам жұмыс істейді. Ал қала аумағы үлкен, 5,5 млн шаршы метр жер қамтылуы тиіс. Мәселен, Т.Рысқұлов көшесінде тазарту дұрыс жүргізілмеген, көктемде суға толады, - деді "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Жанболат Тортаев.
Талап бойынша көлік жолын ғана емес, жүргіншілер жолын да тазартуы тиіс.
Қала мен жақын маңдағы 5 ауылды қардан тазарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Екі айға келісімшарт жасалды. Техника күндіз-түні жолды тазартады, мемлекеттік мекеме қызметкерлері бақылап отыр. Алдымен қоғамдық көлік жүретін көшелер аршылады. Ал қаңтар айында жеке тұрғын үйлердегі көшелерде бір реттік тазарту атқарылады. Ақпан, наурызда су басып қалмас үшін жұмыс күшейеді, - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Данияр Аймағамбетов.
Қала бойынша жеке тұрғын үй секторы аула ішіндегі қарды өз күшімен полигонға тасуы тиіс. Алайда, бәрі жол жиегіне үйіп қояды.


Өзгелердің жаңалығы