АҚШ-тың оңтүстігінде 4 миллионнан астам адам жарықсыз қалды

16 Ақпан 2021, 16:54
1442
Бөлісу:
АҚШ-тың оңтүстігінде 4 миллионнан астам адам жарықсыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Interfax.ru АҚШ-тың оңтүстік штаттарының миллиондаған тұрғыны күрт суыған ауа райы салдарынан электр жарығынсыз қалғанын хабарлады.

Елдегі электр энергиясының жеткізілуін қадағалайтын poweroutage.us сайтының зерттеулеріне сәйкес, қазір 4 миллионнан астам адам, оның ішінде Техастың өзінде 3,6 миллионнан астам адам жарықсыз отыр.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ауа райы қолайсыздығы салдарынан COVID-19-ға қарсы 400 мың дозалы вакцинаның жеткізілуі кемінде сәрсенбіге дейін кешіктіріледі.

FlightAware-дің мәліметіне сүйенсек, бүкіл ел бойынша 3 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылды. Олардың жартысынан көбі Техаста. 

Associated Press-ке берілген ресми өкілдердің мәлімдемесінде Хьюстонда Буш әуежайының ұшу-қону жолақтары сейсенбіге дейін жабылатыны айтылған. 

Дүйсенбіде АҚШ-тың 24 қаласында температура рекордтық деңгейге дейін төмендеді. Сол күні 150 штаттың 26 миллионнан астам азаматы қолайсыз ауа райы туралы ескерту алды, - деп хабарлады АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі. 

Жексенбі күні АҚШ президенті Джо Байден 11 ақпанда басталған қысқы дауылға байланысты Техаста төтенше жағдай жариялаған еді.

Өзгелердің жаңалығы