АҚШ-тағы ең бай отбасы анықталды

18 Желтоқсан 2020, 13:44
3324
Бөлісу:
АҚШ-тағы ең бай отбасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Walmart сауда алыбының мұрагерлері Уолтон отбасы - АҚШ-тағы ең бай отбасы деп танылды. Бұл туралы Forbes журналы хабарлады.

Жалпы алғанда, Уолтонға Walmart акцияларының жартысына жуығы тиесілі және олардың байлығы 247 миллиард долларға бағаланады.  Корпорацияның негізін қалаушы Сэм Уолтонның үш баласы - Алис, Джим және Роб - Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай жиырма кәсіпкердің қатарына кіреді.

Олардан кейін рейтингтің екінші орнында 100 миллиард доллар байлығы бар Кохтар отбасы тұр. Бұл отбасының мүшелері өндіріс, сауда, инвестиция, тазарту, химия, химиялық талшықтар мен пластмассалармен айналысатын Koch Industries акцияларының 84% иеленеді.

Үздік үштікті Марстың отбасы түйіндеп тұр. Олар «Марс» брендімен тамақ өндіреді. Сонымен қатар, компания Mars, Milky Way, Snickers және M&M шоколадтары мен дражаларын шығарады.  Олардың байлығы 94 миллиард долларға бағаланады.

Жалпы алғанда, АҚШ-тың алдыңғы қатарлы 50 отбасының байлығы 1,2 трлн долларды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы