Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та соңғы 70 жылда бірінші рет тағайындалған өлім жазасын іске асыру жөнінде шешім шығарылды, деп жазды korrespondent.net.
Лиза Монтгомериге қатысты өлім жазасын іске асыру бірнеше жылдан бері шегеріліп келген. Ол өлім жазасына 2004 жылы жүкті әйелді қатыгездікпен өлтіргені және баласын ұрламақ болғаны үшін кесілген болатын.
Жаза өткен жылдың 8 желтоқсанында Индиана штатында іске асыруылы тиіс болған. Алайда сот шешімі бойынша ол 12 қаңтарға шегерілді. 11 қаңтарда сот жазаланушының психикалық жағдайына байланысты жазаны тағы шегеру жөнінде шешім шығарды, бірақ АҚШ-тың жоғарғы соты оны орындау жөнінде нұсқаулыққа қол қойды.
Жазаны орындау үшін Монтгомериге соңы өлімге әкелетін инъекция егілді. Ол бүгін жергілікті уақыт бойынша 01:31 сағатта көз жұмды.