Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та медицина қызметкерлері үшін екпе егу орталығы ашылды, деп хабарлайды Хабар24.kz.
Жергілікті дәрігерлердің мәліметі бойынша, онда жарты миллионнан астам медицина саласындағы қызметкерлер вакцина қабылдайтын болады.
Жоспар бойынша тәулігіне 5 мың адамға екпе егілмек. Орталық аптасына 7 күн бойы қызмет етеді. Айта кетейік, бүгінде АҚШ-та 23 млн-нан астам адам коронавирус жұқтырған. Олардың 385 мыңы көз жұмды.