АҚШ-та коронавирустың таралуы баяулап келеді

4 Ақпан 2021, 18:01
1220
Бөлісу:
АҚШ-та коронавирустың таралуы баяулап келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирусты жұқтыру көрсеткіші, сондай-ақ ауруханаға жатқандар саны төмендеп келеді. 

Бұл туралы The Hill басылымының ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенскидің мәлімдемесіне сүйене отырып INTERFAX.RU хабарлады.

Біз қазір біртіндеп төмендеу траекториясына ойыстық, - деді Валенски.

Коронавирустың жаңа инфекцияларының тәуліктік саны 8 қаңтарда ең жоғары деңгейге жеткен. 

Бірақ кейін 13,4%-ға төмендеді, - делінген хабарламада.

Орташа алғанда, 26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында күніне 144 мың жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді.

Ауруханаға жатқызу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты алдағы апталарда өлім саны азая бастайды деп үміттенеміз, - деді орталық директоры.

АҚШ коронавирус инфекциясы мен өлім саны бойынша әлемде бірінші орында. Пандемия басталғаннан бері онда 27 миллионнан астам адамнан Covid-19 оқиғасы анықталып, 457 мыңы қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы