АҚШ-та COVID-19-ға қарсы үшінші вакцина мақұлданды

28 Ақпан 2021, 10:09
1419
Бөлісу:
АҚШ-та COVID-19-ға қарсы үшінші вакцина мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Басқа препараттардан қарағанда Johnson & Johnson коронавирусқа қарсы вакцинасы бір-ақ рет салынады.

АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасына жауапты басқармасы (FDA) Johnson & Johnson компаниясы жасап шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаның елде қолданылуына рұқсат берді. Бұл туралы басқарманың ресми парақшасында хабарланды. 

Айтуынша, вакцина тек төтенше жағдай кезінде ғана қолданылады. Сонымен қатар препаратты 18-ден асқан ересектерге ғана салуға рұқсат берілген.

Қолда бар деректердің барлығы Johnson & Johnson вакцинасы COVID-19-ды алдын алуда тиімділік көрсеткенін айғақтайды. Сондай-ақ зерттелген деректерде вакцинаның артықшылықтары оның қауіп-қатерінен басым түсетіні де көрсетілген, - делінген хабарламада.  

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, вакцина қауіптілігі орташа ауру ағымын алдын алуда 66-67% жағдайда, ал ауыр өтетін ауру ағымын алдын алуда 77-85% жағдайда тиімділік көрсеткен.

Айта кетейік, бұл АҚШ-та мақұлданған үшінші вакцина. Желтоқсанда аталған басқарма америкалық Pfizer, немістің BioNTech және Moderna препараттарының елде қолданылуына рұқсат берген.


Өзгелердің жаңалығы