АҚШ Иранға салған санкцияларын созды

6 Наурыз 2021, 17:10
1518
Бөлісу:
АҚШ Иранға салған санкцияларын созды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Джо Байден АҚШ-тың Иранға қарсы 1995 жылы енгізген санкцияларын созды, деп жазды Хабар24.

Вашингтон Тегеранның саясаты елдің ұлттық қауіпсіздігі мен экономикасына қауіп төндіруін жалғастырып келеді дейді. Басты қатерлердің қатарына Иранның зымырандарды жасап, аймақтағы лаңкестік ұйымдарға қолдау көрсетуін айтады. 2015 жылы Иран АҚШ және Еуропаның бес мемлекеті ядролық келісімге қол қойған. Алайда 2018 жылы экс-президент Дональд Трамп одан шығып кеткен. 

Билікке Джо Байден келгелі Еуроодақ Иранмен қайта келіссөз жүргізуді ұсынды. Вашингтон келіскенмен Тегеран жаңа әкімшіліктің позициясы өзгермеді деп одан бас тартып отыр.

Өзгелердің жаңалығы