Алматы, BAQ.KZ. АҚШ Президенті Байденнің әкімшілігі Гуантанамо шығанағындағы түрмені жабу ісін қолға алмақ.
Бұл туралы CNN хабарлады.
Гуантанамо түрмесін жабу - біздің мақсатымыз және оған ниеттіміз, - дейді Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки.Сондай-ақ жақын уақытта АҚШ Президенті Джо Байден түрменің алдағы тағдырына қатысты құжатқа қол қоятыны айтылды.
Еске салсақ, 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіден кейін Гуантанамодағы әскери базада халықаралық террористерді қамауға арналған түрмені АҚШ Президенті Джордж Буш 2002 жылы ашқан болатын.