Ақмола облысында жел екпіні күшейеді

4 Желтоқсан 2021, 09:00
1001
Бөлісу:
Ақмола облысында жел екпіні күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 04-ші желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын «Қазгидромет» РМК жариялады.                                                      

ҚР солтүстігі, шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, солтүстікте, шығыста көктайғақ және жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста күндіз шаңды дауыл болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшейюі күтіледі.

Қостанай облысында түнде солтүстікте, солтүстік-шығыста көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі, оңтүстігінде – тұман күтіледі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының таулы аудандары мен тау бөктерлерінде тұман, күндіз оңтүстік-батысында, солтүтүстік-шығысында шаңды дауыл, солтүстік-шығысында және таулы аудвнрында желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Павлодар облысының жолдарында көктайғақ, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының жолдарында көктайғақ, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, түнде батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Түркістан облысының таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде және таңертең солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, күндіз солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, күндіз батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшейюі, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдері маңайында жел 15-20 м/с күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы