Ақмола облысында екпе пункттеріне бақылау камералары орнатылуда

19 Шілде 2021, 17:55
2556
Бөлісу:
Ақмола облысында екпе пункттеріне бақылау камералары орнатылуда

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде вакцинация процедураларын ашық жүргізіп, заңбұзушылыққа жол бермеу мақсатында екпе кабинеттеріне бақылау камералары орнатылуда.

Егу пункттеріндегі бейнекамералар – Ақмола облысында халықтың жалған вакцинация төлқұжаттарын «сатып алуының» алдын алу үшін енгізілетін шаралардың бірі ғана. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов мәлімдеді.

Біз «Қазақтелеком» және барлық медициналық ұйымдарға бейнекамералар орнату үшін өтінім жібердік. «Қазақтелекоммен» келісім-шарттар бар, қосымша келісім аясында барлық егу пункттері бейнекамералармен жабдықталуы тиіс. Олар ашылған сәттен бастап соңғы кірген пациентке дейін бәрі көрініп тұруы үшін жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, біз ақпараттық жүйеде логин мен парольді өзгертеміз, электрондық денсаулық сақтау орталығымен бұл да келісіледі. Өйткені жалған электрондық төлқұжатты ақпараттық жүйе арқылы жасау өте оңай екені белгілі. Ақпараттық жүйеге кіру үшін бірінші кезекте бас дәрігер жауапты болады. Тек ол ғана осы жүйеге кім кіретінін және деректерді кім енгізетінін біледі, – деп түсіндірді Нариман Сыздықов.

Көкшетаудың ігесіндегі Красный яр ауылындағы алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек орталығындағы егу кабинетінде алғашқы бейнебақылау камерасы пайда болды.

Қазіргі уақытта тұрғындарды коронвируске қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүруде. Соңғы мәліметтерге жүгінсек, вакциналарды сақтау үшін қосымша мұздатқыш алдық. Спутник V вакцинасы санитарлық талапқа сай сенімді жерде сақталады. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде медициналық қызметкерлер тарапынан заң бұзу оқиғалары жиілеп кетті деген хабарламалар тарала бастады. Бұл әрине, бізді қатты қынжылтады. Осы ретте пациенттермен қатар өз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында екпе егу кабинеттерінде қосымша бейнебақылау орнатылды. Бұл тұрғындардың дәрігерлерге деген сенімін арттырып, қауіпті індетке қарсы вакцинацияны ойдағыдай жүргізуге ықпал етеді деген сенімдеміз. Бізде бірнеше жылжымалы бригада жұмыс істеуде. Сол сияқты ұжымдарға екпе жүргізетін топ та бар. Бәріне тәжірибелі мамандар жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жұмыс берушілер қоластындағы қызметкерлерді жаппай вакциналауға өтініш білдіруде. Осылайша екпе жұмыстары жұмыс орындарында да жүргізілуде, - дейді алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек орталығы директорының орынбасары Мақпал Айтпаева. 

Өзгелердің жаңалығы