Ақмола облысында байқаушылардың сайлауда жұмыс істеу дайындығы пысықталды

6 Қаңтар 2021, 19:20
1619
Бөлісу:
Ақмола облысында байқаушылардың сайлауда жұмыс істеу дайындығы пысықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Көкшетауда үкіметтік емес сектор мен азаматтық қоғамның қатысуымен ҚР Парламенті мен мәслихатына алдағы сайлауды партиялық емес бақылаумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Ақмола филиалының басшысы Ирина Терентьева құттықтау сөзінде алдағы сайлаудағы азаматтық сектор байқаушыларының ерекше рөлін атап өтті.

Байқаушылар жұмысындағы ең бастысы - сайлауды өткізудің ашықтығын, адалдығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, - деп атап өтті «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» облыстық филиалының төрағасы.

Тәуелсіз бақылаушы заңға сәйкес сайлауға дейін, кезінде және одан кейін не істей алады? Олар сайлауды қалай бақылайды? Сапалы бақылау дегеніміз не? Байқаушылар осы сұрақтардың барлығына арнайы онлайн-семинарларда жауап алды.

Ақмола облысының байаушылар штабының жетекшісі Ерлан Закирьянов штабтың қызметі, байқаушыларды оқыту және сайлау өтетін күні олардың жұмысын ұйымдастыру туралы хабардар етті.

Депутаттық сайлау жаңа форматта өтеді. Бірінші кезекте, 16 жылда алғаш рет бұл кезектен тыс сайлау емес, кезекті сайлау. Екіншіден, пандемия өмірдің барлық салаларына, соның ішінде сайлау өткізуге түзетулер енгізді. Үшіншіден, бұл заңнамаға енгізілген түзетулер. Депутаттар алғаш рет партиялық тізімдер бойынша өтеді, әйелдер мен жастар үшін міндетті квоталар, саяси партиялар құру үшін мүшелер саны бойынша тіркеу талабы екі есеге төмендетілді. Осы жаңалықтардың барлығын біз, бақылаушылар ретінде де білуіміз керек, - деп атап өтті Ерлан Закирьянов.

Кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің белсенді қатысуы туралы Ақмола облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов айтып берді.

Айта кетейік, облыста 9 мыңнан астам түрлі саладағы байқаушылар бар: қоғамшылдар, кәсіподақтар, партиялар, бизнес өкілдері, жастар. Мысалы, 200 байқаушы - кәсіподақ өкілдері, 697 адам-Азаматтық Альянс, 4 мыңнан астам саяси партия өкілдері.

 


Өзгелердің жаңалығы