Ақмола облысында ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі өсті

1 Қараша 2020, 18:39
1318
Бөлісу:
Ақмола облысында ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы экономикасының базалық саласы — ауыл шаруашылығы. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 509 690,1 млн теңгені құрады.

Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы — 360 785,8 млн теңге, мал шаруашылығы — 147 798 млн теңге. 

government.kz порталының мәліметіне қарағанда, облыста барлығы 8 477 агроқұрылым бар. Оның ішінде: 1 720 — заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, БП, ӨК), 1 080 — жеке кәсіпкерлер, 5 677 — шаруа-фермер қожалықтары. 2020 жылдың І жартыжылдығында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 494,3 мың теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 104,5% құрады. 

Осы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар 43,4 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 104,8% құрады.  

2020 жылдың II тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 141 835 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңіндегіге қарағанда 13,9%-ға артты, бұл облыстар арасындағы ең үздік көрсеткіш (124,6 мың теңгеден 141,8 мың теңгеге дейін).

Өзгелердің жаңалығы