Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар үшін таңсық емес

6 Сәуір 2021, 16:57
2527
Бөлісу:
Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар үшін таңсық емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн баспасөз мәслихаты кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.

20 наурызда Мемлекет басшысы «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң сәуірдің 5-нен бастап қолданысқа енгізілді.

Аталған заң аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзыреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітілді. Әкімшілік құқықбұзушылықтардың жолын кесу, жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімді құралы. Агенттіктің тиісті функциясы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген. Ережеде де көзделген, - деді ол.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілген.

Олардың арасында кодекстің 6 сыбайлас жемқорлық бабы, кәсіпкерлік қызмет саласындағы екі құрам, мемлекеттік билік институттарының қол сұғатын және әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты 7 құқықбұзушылық бар. Мен әкімшілік тәжірибені сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар үшін жаңа деп айта алмаймын. Алайда, кодекске өзгерістер енгізу бойынша бірқатар рәсімдерге байланысты агенттік бұл құзыретке енді ғана ие болды, - деді спикер.

Ол мұның бүгінде агенттік құзыретінде қажетті антикоррупциялық құралдардың барлық спектрі бар екенін білдіретін айтты.

Өзгелердің жаңалығы