Әкімдіктер шығын көлемін есептеп жатыр - Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

9 Сәуір 2024, 12:53
230
Бөлісу:
Әкімдіктер шығын көлемін есептеп жатыр - Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Фото: primeminister.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үйі қалай қалпына келтірілетінін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр Қанат Шарлапаев кеше сондай-ақ аймақтық және республикалық ірі құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, олардың ресурстарын шұғыл жұмылдыру және құрылысты жедел бастап кету қажеттілігі айтты. Сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау үшін су тасқынынан зардап шеккен үйлерді әкімдіктердің техникалық тексеруі маңызды кезең екенін түсінгеніміз абзал, - деді ол.

Сонымен қатар әкімдіктер келтірілген залал мен шығын көлемін қазіргі уақытта тасқын су әлі толық тартылмаған жағдайда есептеп жатыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі барлық байланыс арнасы арқылы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы халықты үнемі хабардар етіп отырады, - дейді Меруерт Ибраева ОКҚ-дағы брифингте.

Қанат Шарлапаев әрбір өңірдегі құрылыс барысын жеке өзі қадағалайды.

Бұған дейін Үкімет үйінен айырылған азаматтарға қандай үй салып беретінін жаздық. 

Өзгелердің жаңалығы