"Әкімдердің өзі түсінбей жатыр". Дәулет Мұқаев спортқа бөлінген қаржы туралы айтты

25 Желтоқсан 2023, 16:01
846
Бөлісу:
"Әкімдердің өзі түсінбей жатыр". Дәулет Мұқаев спортқа бөлінген қаржы туралы айтты
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев спортқа бөлінген қаржының қайда кетіп жатқаны жайлы сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұқаралық спортқа қанша қаржы бөлінетінін министрліктен де сұраттым және әр облысқа хат жіберіп, мәлімет жинаған едім. Сіздердің есептеріңіздегі бөлінген қаржы 289 млрд (доллар) солай келді де, бірақ облыстардың берген есептері түсініксіз. Ешкім ештеңе түсінбейді. «Сіз қай спортты сұрап жатырсыз? Қай ақшаны?» деп өздері менен сұрайды. 20 облыс, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қосқан кезде, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары ғана ақшаның қайда кеткенін, қайда бөлінгенін, қайда спортқа бөлінгенін, бәрін түсініп отырған сияқты. Олар барлығын нақты қайда кеткенін бөліп, жарып, мәлімет берді, - деді депутат.

Оның сөзінше, қалған аймақтар бөлінген қаржы туралы жалпы ақпарат ғана берген. Мысалы, Астана бойынша 20 млрд (доллар), Қостанай облысына 13 млрд (доллар).

Жалпы бөлінген ақша туралы министрлік түгілі, жергілікті басшылардың өздері түсінбей жатыр, - дейді Мұқаев.

Өзгелердің жаңалығы