Әкім болған депутаттардың өкілеттігі тоқтатылды

14 Маусым 2022, 17:46
1535
Бөлісу:
Әкім болған депутаттардың өкілеттігі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 14 маусымда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, келесі қаулылар қабылданды, деп хабарлады election.gov.kz.

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Ө. Исабаевтың өкілеттігін тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Б.Ө. Исабаев туралы» 2022 жылғы 11 маусымдағы № 921 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.

 2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Әбдіғалиұлының өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Б. Әбдіғалиұлын тағайындау туралы» 2022 жылғы 11 маусымдағы № 914 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Б. Әбдіғалиұлының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Нұрбектің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «С. Нұрбекті тағайындау туралы» 2022 жылғы 11 маусымдағы № 919 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. С. Нұрбектің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

Өзгелердің жаңалығы