Әкім 3 мыңға жуық көшет отырғызған қарағандылықтарға алғыс айтты

3 Мамыр 2021, 19:02
1571
Бөлісу:
Әкім 3 мыңға жуық көшет отырғызған қарағандылықтарға алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндерінде уақыт тауып, үй шаруасын кейінге қалдырып, ағаш отырғызуға шыққан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында.

Әкім 3 мыңға жуық көшет отырғызған қарағандылықтарға алғыс айтты
Осы екі күнде Қарағандыда үш мыңға жуық көшет отырғызылды. Ал бір жыл ішінде облыс орталығының жасыл қорын 33 мың көшетпен толықтыру жоспарлануда. Оның ішінде өтемдік негізде отырғызылатын көшеттер де бар, - деп жазды ол.

Әкім 3 мыңға жуық көшет отырғызған қарағандылықтарға алғыс айтты

Әкімнің сөзінше, Теміртауда осы күндері 7126 ағаш пен бұта отырғызылды.

Оның ішінде АМТ, кәсіпкерлер мен қала белсенділері тарапынан берілген көшеттер бар. Мамыр айының ортасына дейін тағы 7000 қарағай бұтасы мен 200 жұпаргүл бұтасын отырғызу жоспарлануда. Балқашта жоспарланған 2200 ағаштың 450-і, ал Жезқазғанда 50 терек отырғызылды. Жалпы алғанда мұнда 11 700 ағашты отырғызу жоспарланған, - деді Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы