Ахметшәріп мәлімдемеден кейін сұрақ қойдырмаудың себебін түсіндірді

5 Ақпан 2020, 17:27
1793
Бөлісу:
Ахметшәріп мәлімдемеден кейін сұрақ қойдырмаудың себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирусқа байланысты күн сайын өтетін брифингтің неліктен сұрақ-жауапсыз мәлімдеме жасау форматында өтетінін түсіндіріп берді. 

Мәлімдемеден кейін сұрақ қойдырмаудың себебін түсіндірейін. Бұл – өте жауапты ақпаратты мүмкіндігінше нақты жеткізу үшін ауадай қажет нәрсе. Ағылшынша айтқанда, "холдинг-стейтмент". Біздің мақсатымыз журналистердің назарын толығымен фактілерге аудару. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен Ведомствоаралық комиссияның бірлескен дағдарысқа қарсы тиімді техгологиясы, - деп түсіндіді Диас Ахметшәріп. 

Оның айтуынша, нәтижесінде, 1апта ішінде әлеуметтік желілерге жіберілген жалған оқиғалардың саны азайған. 
Біз дүрбелеңге жол бермедік. Ең басты жеңіс – осы деп ойлаймын. Әрине БАҚ өкілдерінің сұрақ қоюына болады. Барлық сұрақтарды жазбаша түрде баспасөз хатшысының байланыс нөміріне жазып жіберсеңіздер, белгілі бір бағдарламалар үшін спикерлерді өзіміз беріп отырамыз, - деп мәлімдеді ол.
 
Спикердің сөзіне сүйенсек, бұл баспасөз алаңы мен телестудия бірге орналасқан. 
Сонымен қатар, коронавирус тақырыбында түсірілген барлық бейнематериалдарды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз мамандарымен бірге отырып, тез өңдейді. Әр сөзі мұқият тексеріледі. Содан соң министрліктің "Facebook" парақшасында және WhatsApp-та жарияланады. Қажет деп тапқан жағдайда тікелей республикалық телеарналарға таратылады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы