Әкесі екі ұлы мен өгей қызына қорлық көрсеткен

9 Қаңтар 2023, 13:22
1289
Бөлісу:
Әкесі екі ұлы мен өгей қызына қорлық көрсеткен

Үш баланың анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жолдады. Оны «Немолчи» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook-те жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәліметке сәйкес, 1962 жылы туған азамат екі ұлдың туған, бір қыздың өгей әкесі. Үш бала кәмелетке толмаған.

Екінші жыл қатарынан «бармаған жерім, баспаған тауым жоқ». 2021 жылдың наурызында 2005 жылғы қызым хабарласып, өгей әкесі Б. анайы іс-әрекеттер жасағанын айтты. Сол күні полиция келді. Алайда ешқандай материал жиналмады. Оған тек іске қатысы жоқ қорғау нұсқамасын берді. Тек прокуратураға арыз түскен соң ғана қылмыстық іс қозғалды. Адвокаттың айтуынша, педофилия бірден пайда болмайды. Сол себепті де үш баланы сараптамаға жібердім. Онда ұлдардың қорлық көргені дәлелденді. Кейін ұлым үйде ешкім болмағанда әкесінің анайы қылықтары жайлы айтып берді, - дейді анасы.

Ашынған ананың сөзінше, балалардың айтқаны мен арыз-өтініштеріне қарамастан қылмыстық іс 2021 жылдың желтоқсанында тоқтатылған.

Ол барлық мемлекеттік инстанция оқиға жайлы білгенімен, ешқандай іс-әрекет жасалмай отырғанын айтады.

Менің жағдайымды депутат Платонов біледі, бірнеше сауал жолдады. Алайда нәтиже жоқ. Омбудсмен Аружан Саин да бұл оқиға жайлы біледі. Бірақ әрекетсіз. Адам құқығын қорғау орталығына да хабарластым. Бұл мәселені тек қоғамдық пікірталас, дау ғана шешіп бере алады. Дина, соңғы үміт сізде, - деп хат жолдаған ол.

Хат жазған ананың айтуынша, Б. есімді азаматтың туысы облыстардың біреуіндегі полиция департаменті бастығының орынбасары. Оның тағы бір ағасы Бас прокуратурада прокурор болып істейді екен. Жақында оның өзі ұлтық компанияның бірінде коммерциялық директор қызметін атқарған. 

Сөзінше, сол үшін оны әділетті жазаға тарту қиын болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы