Академия елдегі жобалық менеджментті дамыту алаңына айналып отыр – Ерлан Әбіл

11 Қазан 2021, 14:45
3257
Бөлісу:
Академия елдегі жобалық менеджментті дамыту алаңына айналып отыр – Ерлан Әбіл
Сұхбат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жуырда «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2020» қазақстандық жобасы IPMA Global Project Excellence Awards – 2021 дүниежүзілік байқауының алтын жүлдесін жеңіп алды. Жобаның маңыздылығы қандай? Халықаралық сарапшылар қандай баға берді? Отандық жобаның басқа елдердікінен артықшылығы неде? Осы және өзге де сұрақтарға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл жауап берді.

- Ерлан Қуанышұлы, «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2020» қазақстандық жобасы IPMA Global Project Excellence Awards – 2021 дүниежүзілік байқауының алтын жүлдегері атанғаны белгілі. «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2020» жобасының маңыздылығына кеңінен тоқтала кетсеңіз.

- Иә, 22 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласында дүниежүзілік IPMA Global Project Excellence Awards–2021 конкурсының қорытындысы жарияланды. Біз үшін қазақстандық «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2020» жобасының «Әлеуметтік жобалар/Өңірлік даму/Қоғамдық жұмыстар» номинациясында жеңімпаз болып, Алтын жүлдегер атануы мақтанарлық жайт.

Жобалық менеджменттің халықаралық сарапшылары мен кәсібилерінің тарапынан берілген осындай жоғары бағалау Қазақстанда жобалық басқаруды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың өзектілігінің қандай екенін көрсетті.

Аталған бағыттағы маңызды аспектілердің бірі жобалық қызметпен айналысатын қызметкерлерді қолдау мен жұмыс әдісін үнемі жетілдіру болып табылатыны белгілі.

Мемлекеттік органдарды жандандыру мен олардың қызметкерлерін қолдау қажеттілігін түсіне отырып, біздің еліміздегі жобалық менеджментті енгізудің бастапқы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2020» жобалық жетілдірудің Тұңғыш Ұлттық конкурсын өткізу бастамасы алға қойылды. 2020 жылы конкурстың нәтижесі оның тек мемлекеттік орган арасындағы ғана емес, республикадағы көптеген ұйымдарда қажеттілігін көрсетті. Ол еліміздегі тәжірибе алмасу, жобалық басқару саласындағы жаңа байланыстарды орнату бойынша бірыңғай алаң құруға мүмкіндік бергенін көрсетті.

- Жалпы, жобаларды басқарудың халықаралық қауымдастығы болып табылатын ІРМА өз саласындағы беделді ұйым екені анық. Олар қазақстандық жобаға қандай баға берді?

- Дұрыс айтасыз, International Project Management Association (IPMA) – мамандар, жобалық командалар мен кәсіби қызметтің барлық саласындағы ұйымдар арасында жобаны басқаруда құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін кәсіби халықаралық ұйым.

Ал IPMA Global Project Excellence Award – бұл түрлі салалардағы жобаларды іске асыратын бүкіл әлемнің ұйымдары қатысатын ІРМА өткізетін жыл сайынғы конкурс.

Дүниежүзілік конкурстың басымдықтарының бірі әр жеңімпазға әділ қағидаттар мен объективті бағалау негізінде жобалық басқару саласындағы үш тәуелсіз сарапшы-судьялар құрастырған кері байланыс есебі ұсынылатындығында болып отыр. Біз оған қол жеткізе білдік.

Аталған есепте судьялар бұл шын мәнінде үздік жоба екендігін, басқарудың нақты, әділ әрі техникалық дәл әдістеріне ерекше назар аударылып қана қоймай, қоршаған орта факторларына бейімделу (кішігірім бюджет пен COVID-19-ға байланысты жағдай) де қамтылғанын атап өтті. Сондай-ақ бұл жоба үлкен табысқа қол жеткізіп, Қазақстанның мемлекеттік секторындағы жобалармен жұмыс істеудің барынша тиімді әдістерін жасағаны да айтылды.

Тағы бір ескеретін жайт, есеп жобаның күшті тараптарын бағалаудан ғана тұрмайды, ол оны әрі қарай дамыту бойынша нұсқаулықтарға да ие.

- Сондай-ақ «Әлеуметтік жобалар/Өңірлік даму/Қоғамдық жұмыстар» номинациясында қазақстандық жоба үздік деп танылып, байқаудың алтын жүлдегері атанды. Бұл санатта Италия мен ОАР жобалары күміс және қола жүлделерге ие болды. Бұл тұрғыда біздің жобаның басқа елдердікінен артықшылығы неде?

- IPMA Global Project Excellence Award ұйымдастырушылары атап өткендей, қазақстандық жоба қызығушылық танытқан тараптардың кең шеңберін қамтып, түрлі қатысушыларды өзіне тартты. Сол арқылы ол әлемдік деңгейде осындай сипаттағы іс-шараларды өткізудің жақсы үлгісін көрсетіп отыр.

Жобаның тағы бір басым тұсы, QazPMA-2020 Ұлттық Конкурсы шеңберінде жобаларға бағалау ғана жүргізіліп қоймай, жобалық зертхана, бірнеше дискуссиялық сессиялар аясында ой-талқы сынды іс-шаралар ұйымдастырылып, Қазақстанда жобаларды басқаруды жақсартуға арналған нұсқаулықтар мен практика әзірленді.

Барлық қызығушылық танытқан тараптардың бірлесіп күш салуының арқасында 2020 жылы QazPMA-2020 конкурсы елдегі жобалық менеджментті дамытуға жол ашты. Осылайша, Ұлттық жобалық кеңсе құрылып, Қазақстандағы жобалық басқару саласын реттейтін заңнамалық база қабылданды, мемлекеттік органдарда жобалық кеңселер қалыптасып жатыр.

- Былтыр Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік органдардың жобалық менеджмент құралдарына қатысты елімізде алғаш рет ұлттық конкурс ұйымдастырды. Пандемия кезінде мұндай конкурстар өткізудің пайдалы тұстары қандай?

- Пандемия ұйымдардың қызметіне үлкен өзгерістер алып келді. Академия үшін коронавирус салдарынан орын алған жағдайлар көптеген жобаларды, соның ішінде, QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2020 конкурсын өткізуге себеп болды.

Бірақ жоба командасы конкурстың форматын жаңа реалийлерге байланысты өзгерте алды. Сөйтіп біз оны онлайн форматқа икемдей отырып, жұмыстың жаңартылған стратегиясын құрдық.

Біріншіден, конкурстық өтінімдерді қабылдау кезеңі үшін қатысушылардың арнайы онлайн-платформасы құрылды, бұл сәйкесінше қағаз құжат айналымының жүктемесін төмендетті.

Екіншіден, біз онлайн түрде конкурсқа отандық және халықаралық сарапшыларда тарта алдық. Бұрын бұл офлайн форматта өткізген кезде әр уақытта мүмкін бола бермейтін. Сол арқылы біздің конкурсанттарымызда аталған саланың кәсіпқойларынан жобалық басқарудың әлемдік трендтері туралы есту мүмкіндігі туындады.

Жалпы, пандемия кезінде мұндай сипаттағы конкурсты ұйымдастыру оны өткізу ресурстарын оңтайландыруға, коронавирус инфекциясына байланысты қысылтаяң кезеңде жобалық қауымдастықтың бірігуіне себеп болды. Ең бастысы, елде жобалық басқаруды енгізу бойынша жұмыс жалғасып тапты.

- Жобалық менеджментті жетілдірудің құралдары туралы айтып өтсеңіз.

- Әлемнің көптеген елінде жобалық басқару басқарудың жаңа парадигмасы болып есептелмейтін болды. Ал Қазақстанда дәл қазір жобалық басқарудың мәдениетін, соның ішінде, мемлекеттік органдарда қалыптастырудың маңызды кезеңінен өтіп жатыр деп айтуға болады.

Жобалық тәсілдің негізгі басымдықтары нақты нәтижеге қол жеткізуге, ведомствоаралық өзара әрекетті жақсартуға, жауапкершілікті дербестендіруге қол жеткізуге бағдар болып табылатыны баршаға белгілі.

Осы орайда, мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың маңызды мәселесі жалпыұлттық басымдықтар мен ұлттық жобалар шеңберінде нақты мақсаттарды айқындау мен қою болып табылады. Осы орайда, әр жоба елдің стратегиялық құжаттарына сәйкесуі тиіс.

Әрине, мемлекеттік органдар жобалық басқару қағидаттарының қызметін жүргізу кезінде икемділік пен құрылымдардың реттелуінің жеткіліксіздігі, тиісті деңгейде дайындалған мамандардың жеткіліксіздігі мен қызметкерлердің кейбірі тарапынан өзгерістерге қарсы шығуы себепті қиындықтар орын алады.

Жобалық басқаруды толыққанды дамыту үшін қабылданатын шешімдердің әділдігі, дәйектілігі мен дер кезінде орын алуы, ресурстарды қолдану тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың бизнес-процестерге оңтайландыру жүргізуін қамтамасыз ету қажет.

- Мемлекеттік басқару академиясы еліміздегі жобалық басқаруды дамыту және ілгерілету бойынша қандай жұмыстар жүргізіп келеді?

- Мемлекеттік басқару академиясы 2013 жылдан бастап елдегі мемлекеттік басқаруды дамыту мен ілгерілету бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізіп келеді.

Осы жылдар ішінде Академия жобалық менеджмент саласында мемлекеттік қызметкерлердің білімі мен құзыретін жүйелендіру бойынша бірыңғай білім беру және әдістемелік алаңға айналды.

Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстарының шеңберінде магистратура және докторантураның білім беруге бағдарламаларына жобалық менеджмент бойынша сағаттар қосылып, жобалық менеджмент пәндері қарастырылды.

Академияда мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы жұмыс істеп тұр. Аталған орталық мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті енгізу мен дамытудағы бірыңғай тәсілдерді әзірлеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ жобалық менеджмент саласындағы сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жолымен жобалық менеджмент саласында кәсіби білім беруді дамытады. Ол үшін орталық Ұлттық аккредиттеу орталығында аккредиттеуден өткен және жобалық менеджмент саласында қызметкердің сәйкестігін растау органы болып табылады. Одан басқа, Академия халықаралық әріптестік шеңберінде британдық PRINCE2 әдісі бойынша кәсіби сертификаттау академиясының базасында өту мүмкіндігі туралы шетелдік SPOCE UK ұйымымен келісім жасасты.

2020 жылы Академия мемлекеттік органдар және жобалық қауымдастықпен бірлесіп мемлекеттік секторда жобалық басқарудың толыққанды экожүйесін қаылптастыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік процедуралық-процессуалдық кодексінде жобалық басқару бойынша нормалар, Үкіметтің қаулысымен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары заңнамалық түрде бекітілді.

Жалпы, Академияда бұл бағытта жұмыстар жалғасын тауып жатыр.

- Әңгімеңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы