Ақ үй Трампқа қарсы наразылық білдірушілердің қоршауында қалды

7 Қараша 2020, 16:24
1341
Бөлісу:
Ақ үй Трампқа қарсы наразылық білдірушілердің қоршауында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шерушілердің көздегені – Ақ үйді Дональд Трамптан азат ету. АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы дауыстарды санау кандидаттардың жақтаушылары мен қарсыластарының жаппай көшеге шығып, наразылық шеру өткізуге себеп болды, деп жазады ru.euronews.com. 

Вашингтонда мыңдаған адам Ақ үй аумағындағы Президент Дональд Трампқа қарсы наразылық акциясына қатысып жатыр. Шерушілердің негізгі жиналу орны Black Lives Matter Plaza-да нәсілшілдік пен полицияның зорлық-зомбылығына қарсы наразылықтар өтуде.

Қазіргі мемлекет басшысының жақтастары Трамптың Пенсильваниядағы дауыстарды санау кезінде бұзушылықтар туралы мәлімдемесінен кейін Филадельфияда ірі акция өткізді. Ол өзінің бұл штатта Байденнен озып кеткенін айтса, сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметтері керісінше, Байден алда келе жатқанын айтады.

Кандидаттарды қолдаушылардың акциялары басқа штаттарда да өтіп жатыр. Трамптың жақтастары Аризонаның сайлау комиссиясы жұмысына қатысты наразылықтарын білдірді.

Демократтар басым болған штаттарда Байденнің жақтастары жеңісті атап өтуде. Black Lives Matter қозғалысының қатысушылары Нью-Йорк көшелеріне шығып, елдің саяси бағытын өзгертуді талап етіп жатыр. 


Өзгелердің жаңалығы