Air Astana рейстері кешігіп жатыр

26 Маусым 2022, 16:52
1304
Бөлісу:
Air Astana рейстері кешігіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 26 маусымда Алматыдан Ташкентке, Нұр-Cұлтанға, Ақтауға және осы бағыттар бойынша кері қарайғы рейстер кешіктіріледі, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

КС 127/128 Алматы-Ташкент-Алматы, KC 953/954 Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы және КС 859/860 Алматы-Ақтау-Алматы рейстерінің кешігеді деп күтіледі. Рейстердің кешігу уақытының орташа ұзақтығы шамамен үш сағатты құрайды, – деді Air Astana әуе компаниясы.

Жақын рейстерге қатысты мәліметтерді сайттан тексеруге болады.

Сондай-ақ жазғы навигация кезеңінің басталуына және ковидтік шектеулердің жойылуына байланысты жолаушылар ағыны артқаны айтылады. Алайда халықаралық әуежайларда персоналдың және жабдықтардың жетіспеушілігі проблемасы шиеленісе түсуде. Соның салдарынан әлемнің көптеген әуе компанияларында ұқыптылық көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.

Әуе компания кесірінен жолаушы барар жеріне кешіксе әрі компания мұның басқа себебін дәлелдей алмаса, соңғысы әр кешіккен сағат үшін билет (кідіріс болған ұшу учаскесі) құнының 3 пайызы мөлшерінде жолаушыға айыппұл төлейді. Өндіріп алынған айыппұл сомасы сатып алынған билеттің (кідіріс болған ұшу учаскесінің) құнынан аспауға тиіс, – деді Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

 

Өзгелердің жаңалығы