«Air Astana»-ның бұрынғы президенті Тимур Турловтың командасына қосылды

Питер Фостер компанияның тәуелсіз директоры болып сайланды.

Бүгiн 2026, 17:36
АВТОР
 Видеодан кадр Бүгiн 2026, 17:36
Бүгiн 2026, 17:36
108
Фото: Видеодан кадр

«Air Astana»-ның бұрынғы президенті Питер Фостер Қазақстанда жаңа қызметке тағайындалды.

Ол ірі акционерлерінің бірі кәсіпкер Тимур Турлов болып табылатын «Alatau Air Cargo» жүк авиакомпаниясының жаңартылған директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Forbes-ке сілтеме жасап.

Бұл шешімді тасымалдаушының акционерлері компанияның басқарушы құрамын жаңарту аясында қабылдады. 2026 жылдың қаңтарында бекітілген бұрынғы директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Питер Фостер компанияның тәуелсіз директоры болып сайланды. Жаңа директорлар кеңесін Тимур Турлов басқарады.

Сондай-ақ басқарушы органның құрамына Ерлан Қойшыбаев, Сергей Швалов және Айбек Қапар кірді. Тағы бір тәуелсіз директор Сергей Анашкин болды.

Питер Фостер - Қазақстанның авиация саласындағы ең танымал тұлғалардың бірі. Ол «Air Astana» компаниясын жиырма жылға жуық басқарып, 2024 жылы авиакомпания президенті қызметінен кеткен болатын. Енді оның тәжірибесі жүк авиатасымалын дамытуға және «Alatau Air Cargo» жобаларын жүзеге асыруға бағытталады.

Еске сала кетейік, «Air Astana»-ны көп жылдар бойы басқарған Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында авиакомпанияның бас атқарушы директоры қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің құрамынан шыққан еді. Ұлттық тасымалдаушының басшылығындағы 20 жылға жуық жұмысынан кейін ол авиатоппен директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде ынтымақтастықты жалғастырады. Фостердің жетекшілігімен «Air Astana» Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі авиатопқа айналды, сонымен қатар Skytrax нұсқасы бойынша 14 рет Орталық Азия мен ТМД-ның үздік авиакомпаниясы деп танылды. Оның компания басшысы лауазымындағы мұрагері болып «Air Astana»-ның бұрынғы қаржы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалды.

Наверх