Аида Балаева кітапхана саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

22 Қазан 2023, 04:31
851
Бөлісу:
Аида Балаева кітапхана саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Фото: gov.kz

Кітапханашылар күніне арналған салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, зиялы қауым өкілдері, ұлттық жоғары оқу орындары, колледждер, Қазақстанның барлық өңірлерінің кітапханашылары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Әділетті Қазақстан – Адал азамат" ұлттық құрылтайының екінші отырысында Мемлекет басшысы: "Шын мәнінде, кітап оқитын ел ғана ақылды ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа деген құштарлығын оятуымыз керек" деп атап өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздерге үлкен үміт артып, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеп отырған кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына ерекше назар аударады. Бұған кәсіби мереке - өткен жылы Қазақстанда Үкіметтің қаулысымен бекітілген - Кітапханашылар күні дәлел бола алады. Елімізде 11 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді, олардың штатында 25 мыңнан астам адам бар, кітап қоры 328 миллион данадан асты. Кітапхана қызметтерін пайдаланушылар саны 9,5 миллионға жетті және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Әрине, барлық жетістіктерге кітапханашылардың кәсіби еңбегі мен ағартушылық рөлінің арқасында қолжеткізілді, - деп атап өтті Аида Балаева.

Кітапхана ісінің дамуына ерекше үлес қосқан 15 қызметкер министрдің қолынан "Мәдениет саласындағы үздігі" төсбелгісін алды.

Бірқатар үздік қызметкерлерге мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Салтанатты іс-шараға қатысушылар өңірлердегі кітапханалық қызмет көрсетудегі озық жобалармен танысып, кітапхана тарихына арналған арнайы көрмені тамашалады.

Өзгелердің жаңалығы